15 жастағы механик
Бақдәулет
Исақұл - Жамбыл өңіріне белгілі механик. Бір қызығы - темірдің тілін тапқан
маманның жасы небәрі 15-те. Қазір Тастөбе ауылының тұрғындары көлігі сыр берсе,
бірден Бақдәулетті іздейді.
Бақдәулет Исақұл, Механик:
- Мен 9 жасымнан көршілерімнің, құрдастарымның велосипедін жөндеп бастадым.
12 жасымнан папамның қасында кез-келген машинаны ашып, шашып бастадым. Қазіргі
жасым 15-те. Қазір автоэлектрик мамандығын оқысам ба деп отырмын. Алдағы
уақытта қолдау болса кәсібімізді дамытсам ба деп отырмын.
Жалпы Исақұлдар әулетін механиктер династиясы десек те болады. Себебі
Бақдәулеттің әкесі Қанат, атасы Қонысбайда темір тұлпар тілін меңгерген
шеберлер. Қазірде жас механик айына ең азы жарты миллион табыс табады. Ал әкесі
баласын бұл бағытқа бала кезден баулығанына қуанады.
Қанат Қонысбаев, Әкесі:
- Қызығушылық әкемнен келген. Әкемде техникаларды жөндейтін. Жаңағы өзінің
машинасын Көршілердің машинасын сөйтіп істеп жүретін. Содан келген ғой . Менде
қызығып, алып кеттік қой. Арманымыз сол. Өркендесек. Баланы оқытсақ.
Қолы қалт етсе, көлік жөндеуге кірісетін шеберге Таразбен жақын аудан,
аулдардан азаматтар арнайы келіп темір тұлпарларын көрсетеді. Келушілер
Бақдәулетке 15 жасар ойын баласы деп қарамайды, керісінше кеңес сұрап, ақылын
тыңдайды.
Жанабек Сыдыманов, Тараз қаласының тұрғыны:
- Машинамды бір көргеннен қарап, тез арада ақауды тапты. Ақауын тауып, сөйтіп
1 күннің ішінде жөндеп берді. Енді бүгін машинамды алып кетуге келіп тұрмын.
Мен өзім өте қатты таңғалыста тұрмын. Енді бұл баланы ары қарай дамыту керек
шығар деп ойлаймын. Болашағы зор.
Жалпы Тараздан жиырма шақырым қашықтықта орналасқан Тастөбе аулында 1418
тұрғын болса, онда екі ғана механник бар. Ал Бақдаулет бұл саланы дамытып, ауылды
танытып, үлкен орталық ашуды армандайды.

