«Жастар практикасы»: 33 мың жас маман жұмыс тапты

«Жастар практикасы»: 33 мың жас маман жұмыс тапты

«Жастар практикасы» бағдарламасымен былтыр 33 мыңнан астам жас маман жұмыс тапқан. Оның көбі Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан. Бұл бағдарламаға 35 жасқа толмаған жоғары немесе орта кәсіптік білімі бар, бірақ тәжірибесі жоқ түлектер қатыса алады. Ол үшін жергілікті мансап орталықтарына өтініш беру жеткілікті. Ай сайын 109 мың 500 теңге жалақы төленеді, ал оның мерзімі бір жылға дейін созылады. «Жастар практикасында» ең көп сұранысқа ие мамандықтар: заңгер, тәрбиеші, бастауыш сынып мұғалімі екен.