Қазақстанда О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиада өтуде

Қазақстанда О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиада өтуде

Қазақстанда Жәутіков атындағы ХХ Халықаралық Олимпиада өтіп жатыр. Алматыда зияткерлік жарыс алаңында әлемнің 16 елінен 600-ден астам оқушы, 85 команда кездесті. Қазақстаннан басқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыниядан кіл мықтылар білімдерін ортаға салды. Биыл іс-шара үш жылдық электронды форматтан кейін оффлайн ұйымдастырылуда.  Олимпиада аясында дәстүрлі түрде физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер арасында үш пән бойынша байқау өткізіледі. Жарыс екі кезеңнен тұрады – теориялық және тәжірибелік тұрғыда қатысушылар тапсырмалар орындайды. Олимпиаданың қорытындысы әр пән бойынша жеке есепте шығарылады. Білім додасының басты мақсаты дарынды оқушыларды анқытау, сондай-ақ, жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту.

 

Мейірлан мейірбек, ¤Республикалық физика-математика мектебінің директоры:

- Биыл шетелден 413 оқушы келді, 257 оқушы - Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерден келген қатысушылары. Жүлделі орындардың иегеріне әлемнің жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді, себебі бұл портфолиоға енеді. Өз кезегінде бұл жүлдегерлерге әлемнің үздік жоо түсу және грант иегері атануы септігін тигізеді.