Шардара су қоймасының 90 пайызы толды
Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы 90
пайызға толды. Қазір мұнда 4 млрд 669 млн текше метр су жиналған. Дегенмен
нысанда тәулік бойы кезекшілік орнатылып, жағдай тұрақты бақылауға алынған.
Өңірде жалпы 20 өзен, 42 су қоймасы бар. Төтенше жағдайлар департаменті
мамандарының сөзінше, бүгінде көктемгі су тасқыны бойынша жағдай тұрақты.
Тәуліктік кезекшілік штаб жұмыс істеп тұр. Облыстағы 491 шақырым арық, 654
шақырым канал тазаланған. Бұдан бөлек, 129 мың қап құм мен инертті материалдар
дайындалған. Төтенше жағдай қауіпі туындағанда ыстық тамақ пен тұрмыстық
қажеттіліктер үшін кәсіпкерлермен 77 меморандум түзілген.

