Еліміздегі алғашқы геологиялық кластер ашылды
Ұлытауда геологиялық кластер ашылды. Бұл – еліміздегі алғашқы әрі әлемдік деңгейдегі орталықтардың бірі. Мұнда геологиялық барлаудың бар үдерісі бір алаңға тоғысқан. Яғни оқу орталығы, зертханалық кешен, керн қоймасы бір жерде орналасқан. Бұл тау-кен туралы ақпаратты жедел өңдеп, барлау процесінде дереу шешім қабылдауға мүмкіндік бермек. Жезқазғанда ашылып жатқан кешен жобасына 11 млрд теңгеге жуық инвестиция салынған. Енді мұнда 200-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды.

