Рекордтар кітабына енген теміржолшылар әулеті

Рекордтар кітабына енген теміржолшылар әулеті

Абай облысында тұратын Түкібаевтар отбасының теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі 700 жылдан асады. Қазір әулеттің 4-ші ұрпағы осы салада жұмыс істейді. Осыған орай теміржолшылар династиясы рекордтар кітабына енген.

Түкібаевтар әулетінің теміржол саласындағы еңбек жолы өткен ғасырдың 30-жылдарында басталған. Үш ағайынды - Маукен, Ілияс және Сыдық Тұқыбаевтар Түркістан-Сібір темір жолының құрылысына қатысып, теміржолшы династиясының негізін қалады. Бүгінде олардың 4-ші ұрпағы теміржол қызметінде диспетчер, электромеханик, инженер, жол шебері сияқты түрлі мамандықпен еңбек етеді.