Қазақстандық қос жеткіншек АҚШ-та өтетін байқауға барады
Қазақстандық қос жеткіншек АҚШ-та өтетін
технологиялық байқауға аттанады. 8 жасар Айша мен Ева жасанды интеллект арқылы
мобильді қосымша ойлап тапқан. Ол тілі мен құлағында мүкістігі бар балалардың
сөйлеу мен есту қабілетін дамытуға көмектеседі. Осы бағдарлама арқылы
Technovation girls 2024 Халықаралық IT сайысының финалына жолдама алған. Оған,
Қазақстанды қоса алғанда 69 ел қатысады.

