159 дәрігер жұмысқа қабылданды

159 дәрігер жұмысқа қабылданды

Атырауда  арнайы бағдарламамен  159 дәрігер жұмысқа қабылданған. Оның 46-сы жеңіл ипотекалық несие рәсімдеп, баспаналы болды. 2025 жылы көрсеткішті арттыру жоспарланып отыр. Ауылдық жерге баратын дәрігерлерге 10 млн теңгеге дейін көтерме ақы беріледі. Аудан орталығына барғандарға 8 млн теңге төленеді. Осы жеңілдіктерді пайдаланған 43 медициналық қызметкер ауылға барды. Соның ішінде, 9 дәрігер шалғай ауылдарда қызмет етіп жатыр. 

Жасұлан Бисембиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары: 

- Денсаулық сақтау саласына мамандарды тарту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның бірден-бір ерекшілігі көтерме ақы төлеу арқылы басқа өңірдегі медициналық нысандардан және ЖОО тәмәмдаған дәрігерлерді облысқа шақыру және көтерме ақы төлеу. Қазіргі таңда облыстағы көтерме ақының көлемі ҚР бойынша ең үлкен дәрежеде.