Алдағы үш күнде үскірік аяз болады
Алдағы үш күнде
үскірік аяз болады. Қазгидромет осылай болжап отыр. Ел аумағында антициклон
әсерінен қар жауады, жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр болады.
Оның соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін. Өйткені солтүстікте, таулы аймақтарда 30
градус суық болса, оңтүстікте 5-ақ аяз болады. Елдің батысындағы сынап бағаны
5-13 градусты көрсетеді. Айта кетейік, демалыс күндері қыс қаһарын көрсетіп,
Шығыс Қазақстан облысында минус 56 градусқа дейін төмендеген болатын.

