Қазақстан Әлем кеңесіне мүше болады
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Әлем кеңесі
құрамына кіруге шақырды. Ал еліміз
аталған ұйымның құрылтайшыларының бірі болуға ресми шақыру алды. АҚШ президенті
бастамашы болған Әлем кеңесіне Аргентина, Венгрия, Түркия, Пәкістан, Мысыр,
Иордания, Қатар және Италия елдері мүше болмақ. Одан бөлек Франция, Германия
және БАӘ басшыларына да шақырту жолданған. Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек,
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ресми шақыруды қабыл алған. Доналд Трампқа жазған жауап
хатында Мемлекет басшысы Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуге,
мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты бекітуге үлес қосуға ниетті
екенін жетізіпті.

