Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы құрылады
Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы құрылады. Мемлекеттік мекеменің ережесі мен құрамы түзіледі. Бүгін Президент осы жөнінде Жарлыққа қол қойды. Айта кетейік, Қазақстан Халық кеңесі халық мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік органі. Кеңес мемлекеттің ішкі саясаты бойынша жалпыұлттық диалог ұйымдастырып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға қатысады. Сонымен қатар Халық кеңесіне заң жобаларын Құрылтайға енгізу және жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығы берілді. Кеңес төрағасы төрт жыл мерзімге сайланады және бір адам бұл қызметті қатарынан екі реттен артық атқара алмайды.

