Агроөнеркәсіп саласындағы озық технологиялар

Агроөнеркәсіп саласындағы озық технологиялар

Қазақстан мен Ресей ғалымдары генетикалық ресурстарды пайдаланып жаңа жеміс сұрыптарын шығармақ. Ол үшін Мичурин бағы ашылады. Онда 600-ден астам жеміс ағашының жаңа сұрпы егіледі. Осылайша агоротехниктер елімізде ауыл шаруашылығын дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеміз деп отыр. 

Аграрлық сектордағы заманауи ғылыми жетістіктің бірі- тұқымды сауықтыру технологиясы. Яғни егістікке биогенттерді дрон арқылы енгізу. Бір оператор егістіктің кез келген нүктесінен 10 минутта 1 гектар жерге пайдалы жәндіктерді жеткізеді.

Бақытжан Дүйсембеков, Ж.Жиембаев атындағы қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:

- Зиянды организмдерден қорғау үшін, өсімдіктің өсуін күшейту, тамыр жүйесін күшейту сонымен қатар тұқымның ішінде жасырын кездесетін ауруларды емдеумен айналысатын протокол лечение. 

Сонымен қатар еліміздегі жеміс шаруашылығының генетикалық әртүрлілігін кеңейту мақсатында Алматы облысында Мичурин бағы ашылады. Бақта 600-ден астам ресейлік жоғары өнімді  жеміс дақылдарының сұрыптары отырғызылады.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Желтоқсанда Алматы облысында Мичурин бақшасын ашамыз. Оған Ресейден көптеген сорттар келеді өте жоғарғы өнімді сорттар. Біздің жерге бейімделген сорттар. Оларды біздің ғалымдар селекцияға қолданатын болады. Мақсат - Қазақстанның жеміс саласын әрі қарай дамыту осы ғылымның арқасында.

Алдағы уақытта екі ел генетикалық ресурстарды пайдаланып жаңа жеміс сұрыптарын шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, шикізатты терең өңдеу, цифрлық платформаларды енгізу және «ақылды ауыл шаруашылығын» дамыту бойынша бірлескен жобалар жүзеге асады. Қазіргі таңда Ресейдің 28 ғылыми-зерттеу институты Қазақстанда жұмыс істеп жатыр.