Президент АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды
Президент Үкімет пен Парламентке екінші атом электр стансасының қай аймақта салынуы қажеттігі жөнінде ұсыным беруді тапсырды. Өйткені елде энергия тапшылығы артып келе жатыр. Сондықтан алғашқы атом электр стансасының құрылысын тездету қажет», – деді ол. Жалпы елімізде ядролық кластер құру ісін қолға алу керек. Бұл еліміздің болашақта ойдағыдай дамуы үшін маңызды. Осыған байланысты Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, атом саласын дамытудың ұзақ мерзімге арналған жоспарын әзірлеу жүктелді.

