БҚО-да 3 күнде 3 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысында 3 күнде 3 теміржол вокзалы ашылды. Оның бірінде қайта құру жұмыстары жүргізілсе, екеуі бастан-аяқ бұзылып, жаңадан салынды. Маңызды жобалар елімізде теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Шыңғырлау станциясы ғимаратының ашылу рәсіміне аймақ басшысы қатысып, теміржолшылар мен тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

