Қазақстан күнжара майын Еуропалық Одаққа экспорттаушы топ-5 елдің қатарына кірді

Қазақстан күнжара майын Еуропалық Одаққа экспорттаушы топ-5 елдің қатарына кірді

Қазақстан Еуропалық Одақтың күнбағыс өнімдері нарығында өзінің орнын нығайта түсті. Еліміз Кәрі Құрлыққа күнжара майын экспорттаушы мемлекеттер арасында 5 орынға көтерілді. Бұндай ақпаратты Ұлттық күнбағыс өнімдерін өңдеушілер қауымдастығы келтіріп отыр. Мәселен, Қазақстан шілде мен қазан айларының аралығында 24 мың тоннадан астам күнжара майын жеткізген екен. Мал шаруашылығы үшін аса қажет бұл жем өнімін Қазақстаннан негізінен Швеция, Дания, Финляндия, Латвия, Германия мен Эстония сатып алды. Елімізден бөлек, Еуропалық Одаққа күнжара майын Украина, Аргентина, Молдова және Ресей тасымалдайды. Жалпы, сарапшылардың болжамынша, алдағы 2-3 жыл көлемінде Қазақстан Кәрі Құрлыққа бұдан да көп, күнбағыс өнімдерін тасымалдамақ.