Көшпенділер ойындарына дайындық күшейді
Елордада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық күшейді. Қала көшелері түркі тілдес халықтардың мәдениетіне сай безендіріліп жатыр. Инсталляциялар орнатылды. Ерекше форматтағы жарнамалар жарияланды. Қала халқын тағы қандай тосынсыйлар күтіп тұр?
Жанель Нұрболатқызы, тілші:
– Түркі әлемі көз тіккен додаға бір айдан астам уақыт қалды. Астанада дайындық қыза түскен. Қаланың әр аймағында 20-дан астам мынадай шағын мүсін орнатылып жатыр. Бұл элементтер көшпелі халықтардың мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін бейнелейді.
Мүсіндермен
қатар 1000-нан астам жарнама банер қойылған. Ал, тамызда билбордтардан Ұлттық
құрама спортшыларының суреттері көрсетіле бастайды.

