Жаңа Парламент заң жобасының түпнұсқасын екі тілде жазуы керек – Сенатор

Жаңа Парламент заң жобасының түпнұсқасын екі тілде жазуы керек – Сенатор

Жаңа Парламент заң жобасының түпнұсқасын екі тілде жазуы керек. Парламенттік реформаға байланысты Сенатор Бибігүл Жексенбай осындай ұсыныс айтып отыр. Әрі бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізу қажет дейді. Себебі, 30 жылда жазылған заңдардың тек екеуі ғана мемлекеттік тілде толық әзірленіпті. Өзгесі орыс тілінде жазылып, одан қазақшаға аударылған. Әсіресе, терминдер мен тірек сөздерге мән беру маңызды. Өйткені, орыс тілінен аударылғанда заңның мазмұны әдетте түпнұсқамен сәйкес келмей жататыны көп. Әрі, қазақ тілінің грамматикалық және стилистикалық нормалары сақталмайды. Әріп қатесі де өріп жүреді. Бұл мәселе осыдан 5 жыл бұрын да көтерілген. Айта кетейік, заңның түпнұсқасын екі тілде жазу Еуропаның қос тілді мемлекеттерінде бар тәжірибе.

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

¤

- Жаңа парламенттік реформадан кейін біздің мүмкіндікті қарастыра отырып, екі тілде түпнұсқаның даярлануын қарастыру бұл енді Еуропаның екі тілде қатар жүремін мемлекеттерінде бар практика. Осы 30 жылда екі-ақ заң өкінішке орай қазақ тілінде нақты түпнұсқасы дайындалып қабылданды. бұн енді өте өкінішті жағдай деп айтуға болады.