Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама жасақталды

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама жасақталды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан Қазақстанның намысын қорғайтын ойыншылар анықталды. Ұлттық құрама Алматыда өткен республикалық чемпионат қорытындысы бойынша жасақталды. Бұған қоса жеңімпаздар биыл Түркия мемлекетінде болатын әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Байрақты додада елдің әр аймағынан келген 140 тарта спортшы жүлделерді сарапқа салды. 10 турға созылған тартыстың командалық сынында бас жүлдені Қызылорда өңірі жеңіп алды. Ақтөбе облысы екінші орынды иеленсе, үшінші орынға Түркістан өлкесінің ойыншылары жайғасты.

Еске сала кетейік, тоғызқұмалақ биыл күзде елордада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми жарыс бағдарламасына алғаш рет енгелі отыр.