Белсенділер есірткі тасушылардың ізін шолып, олардың жасырған QR кодтарын өшірді
Есірткісіз елорда. Дәл осындай атаумен нашақорлыққа қарсы акция өтті. Алматы аудандық әкімдігі мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, полицейлермен бірге көшедегі заңсыз жарнамаларды өшірді. Бұған дейін олар «Таза Қазақстан» эко жобасы шеңберінде нашақорлыққа қарсы 30-дан астам акция өткізген.
Астана болашақтың қаласы. Сәйкесінше келбеті басқа шаһарларға үлгі болуы шарт. Бірақ, көшедегі дәл осындай графити жазулар бас қаланың ажарын айғыздап тұр. Сырт көзге қарапайым сурет болып көрінгенімен нашақорлықты дәріптейтін бірден-бір жол осы. Өкінішке орай жастар дәл осы тұзаққа түсіп, құрбан болып жатыр.
Қазір «жұмыс береміз» деген жарнамадан көз сүрінеді. Жалған ақпарға алданатындардың
көбі - студент жастар. Шынтуайтында бұл нашақорлыққа апаратын арнайы схема.
Алматы ауданының әкімдігі мен Астана жастары полиция көмегімен осыған ұқсас
жазуларды жою үшін рейд ұйымдастырды. Мақсат – есірткі саудасына тосқауыл қою.

