Қазақстанның Ұлттық Банкі жаңа инвестициялық монеталар шығарды

Қазақстанның Ұлттық Банкі жаңа инвестициялық монеталар шығарды

Қазақстанның Ұлттық Банкі «Kókbóri» деп аталатын жаңа инвестициялық монеталарын шығарды. Оның дизайнында «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясындағы монеталардың стилистикасы қолданылған. Бұл жерде түркі халықтарының қоршаған дүние мен онымен байланысы туралы түсінігі суреттелген. Басты ерекшелігі – сақ дәуіріндегі «Аң стилінде» жасалған. Монетаның бір беті жануар түрінде бейнеленсе, екінші бетінде мистикалық маска көрініс тапқан. «Kókbóri» монеталары алтындату технологиясын қолдана отырып күмістен жасалған және гауһар қондырмасы бар.

 

Алмат Бәсенов, ҚР Ұлттық Банкінің бас дизайнері:

– Бұл отандық инвестициялық монаталардың ребрендингі. Естеріңізде болса, алғаш инвестициялық монеталарды Ұлттық Банк өткен ғасырда шығарған болатын. Ол – «Жібек жолы» монеталары. Одан кейін кезекті ребрендинг болып, «ALTYN BARYS» пен «KÚMIS BARYS» жарыққа шықты. Міне, бүгін жаңа сериядағы инвестициялық монеталарды таныстырып, ребрендинг жасап отырмыз. Енді барлығы ортақ «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» деген атпен жарыққа шығады. Ал, бұл сериядағы бірінші монета - «KÓKBÓRI» деп