Полицейлердің айлығы өседі

Полицейлердің айлығы өседі

Полиция қызметкерлерінің айлығы өседі. Ол үшін бюджеттен 300 млрд теңгеден астам қосымша қаражат бөлінеді. Қаржы министрінің орынбасары Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, жедел тергеу құрылымы мен өзге де қызметтердің, соның ішінде әкімшілік полицейлердің жалақысында айырмашылық бар. Жаңа еңбекақы төлеу жүйесі екі кезеңмен жүзеге асады. Алдымен әкімшілік полицейлердің жалпы айлықтары көтеріледі, содан соң үстемеақы төленіп, жалақылары жедел тергеу құрамымен теңестіріледі. Бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов елде 8 200 патрульдік полиция қызметкері тапшы екенін айтқан еді.