Балалар онкологиясын емдеудің жаңа тәсілі
Астанада Ұлттық онкологиялық орталықтың жаңа корпусы ашылды. Мұнда ең озық емдеу әдісі – протон терапиясы қолданылмақ. Яғни, протон - бұл ісікті дәл көздеп жоятын емдеудің бір тәсілі. Нәтижесінде, дерттің айналасындағы өзге сау жасушаларға зиян келу қаупі айтарлықтай аз болады. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс, әсіресе, балалар онкологиясына ем-дом жүргізуде ең тиімді әдіс. Әрі Орталық Азияда Қазақстан бірінші болып қолданып жатыр. Жаңа онкологиялық орталық корпусы Президент тапсырмасымен Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту стратегиясы аясында салынған. Жыл сайын мұнда 10 мыңға жуық науқас стационарлық көмек алады деп күтілуде. Бұл көмекті ісік дерті анықталған кез келген науқас медининалық сақтандыруының бар-жоғына қарамастан тегін алуға құқылы.

