Қазақстанда пилотсыз автомобильдер іске қосылады
Елімізде
пилотсыз автокөліктер жүйткіп жүретін уақыт жақындап қалды. Жауапты министрлік
қазір халықаралық компаниялармен келісім жасап, іске кіріскен. Сондай-ақ
дрондармен тауар жеткізуді де сынақтан өткізіп жатыр. Бұл қала ішіндегі
қозғалысты жеңілдетіп, логистиканы жаңа деңгейге көтереді. Мұның бәрі EXPO
аумағында құрылатын заманауи технологиялық кластерге орналасады.
Жаслан Мәдиeв, ҚР Премьер-министрінің
орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
- Дрондар
орталығында Phygital-арена мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын
даярлауға арналған инфрақұрылым құру аяқталуға жақын. Қалған бағыттар бойынша
индустриялық серіктестермен бірлескен пилоттық жобалар пысықталуда. Жалпы,
барлық орталықтарды іске қосуды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.

