Мемлекет басшысы жазғы олимпиадаға баратын спортшылармен кездесті
Президент XXXIII жазғы олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасына мемлекеттік туды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев үздіктер бақ сынайтын байрақты бәсекеге ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын атап өтті. Олар ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдірді.
Бұл олимпиадаға қатысатындар үшін жауапты сәт.
Себебі, байрақта халықтың асқақ рухы мен абыройы бар. Сондықтан, Олимпиадаға
баратын әр спортшының арманы - көк туды Олимп көгінде желбірету. Жеңіске
әркімнің-ақ бар таласы. Кіл мықты спортшылардың ішінен суырылып шығып, чемпион
атану оңай емес. Сондықтан, Президент сайыпқырандарға қолдау танытып, сәттілік
тіледі.

