Кеңесші органның отырысы өтті
Астанада «Тәлімгерлер кеңесі»консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысы өтті. Ұйым осыдан бір жыл бұрын құрылған. Негізгі миссиясы мемлекеттік қызметте басшылық лауазымға жаңадан тағайындалған тұлғаларға бағыт-бағдар беру, жұмысты жүйелендіруге негізделген ұсыныстар айту.
Қайыржан Токушев саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған жан. Зейнетке шықса да үйренген қызметінен қол үзген жоқ. «Тәлімгерлер кеңесіне» мүше болғалы өзінен кейінгі басшыларға өмірлік тәжірибесі мен кәсіби кеңесін беріп жүр.
Қайыржан Токушев, мемлекеттік қызмет ардагері:
– Жас басшыларға айтатыным: Адал еңбек – абыройдың айнасы. Тәлімгерлер кеңесі деген консультативтік-кеңесші органының құрылғанына көп болған жоқ. Бұл –біздің қоғамдағы жаңа институт деп айтуға болады.

