Deepfake қаптаған заман

Deepfake қаптаған заман

Цифрлық дәуірдің келгені дұрыс-ақ, бірақ оның да кері әсерін көріп жатырмыз. Соның бірі — дипфейк. Әсіресе, әлеуметтік желіде бұған әуестенгендер қатары көбейіп келеді. Кесірінен жалған ақпараттар тарап, жұртты шатастыру белең алған. Әрине, бұл өте қауіпті құбылыс. Бұрын құлағың естіп, көзің көргенге сен деуші еді. Енді оған да күмәнмен қара дейтін жағдайға жеттік. Өйткені онлайн алаяқтардың қармағына түсуіңіз бек мүмкін. Жыл басынан бері 11 мың киберқылмыс тіркелген.

Fact or fake: жалған ақпаратты қалай анықтаймыз? 

Дипфейк - соңғы уақытта, әсересе, ақпарат алаңында трендке айналған осындай бір сөз бар. Чат джмити оған былай деп түсініктеме береді. DEEPFAKE - жасанды интеллект адамның бейнесі мен дауысын дәл көшіріп, жалған видео, фото немесе аудио жасап шығару технологиясы. Мәселен, видода кадрдағы адам сізге ұқсайды, даусы да сіздікі, бірақ ол сіз емес. Сіздің көшірмеңіз. Міне, осы технологияны пайдаланған адам сіздің атыңыздан жалған ақпарат таратуы мүмкін. 

Біз де дипфейк жасап көрдік. Әдісі тым қарапайым. Менің бір суретімді жүктеу жеткілікті. Бар-жоғы 10–15 секунд ішінде жүйе менің бейнемді «тірілтіп» шықты. Одан кейін қандай қимыл жасайтынын, қай жерде тұрғанымды, бәрін қалауымызбен енгіздік. Қысқасы, төбеге қара десең төбеге қарайды. Серік десең, секіріп те береді. ІТ маман Қанат Ахатов фейк жасаудың бұл әлі басы дейді. Кейін тіпті шын бейне мен өтірігін ажырата алмайтын жағдайға келуіміз мүмкін. Бұл қауіпті ме? Әрине, қауіпті.

Қанат Ахатов, Цифрландыру саласының маманы:

- Бір жыл бұрын жасанды бейнені жай көзбен-ақ тануға болатын. Бір жыл бұрын «саусақ санына, қимылдың табиғилығына қараңыз» деп айтатын едік. Қазір бұлардың да пайдасы шамалы. Жалған нейросетке қарсы тұра алатыны - тек басқа нейросеть.

Жалған сайт, фейк видео, тіпті қолдан жасалған видеоқоңырау - мұның бәрі алаяқтардың оң жаңбасына келіп тұрған әрекет. Былтыр мәселен дипфейктен келген шығын 25 млрд теңгеге жетіпті.  67 млн жалған қоңырау тіркелген. Цифрлық дәуірден қауіп келетінін Жасанды интеллект деп жаңа атау берілген министрлік өкілдері де мойындап тұр. Вице-министр Дмитрий Мун теріс пиғылдарға барынша шектеу қойылатынын айтады.

Дмитрий Мун, ҚР Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі:

- Қазіргі таңда цифрландырудың дамуын тежеп алмау үшін біз әлемде орын алған немесе орын алып жатқан негізгі қауіп-қатерлерді ескердік. Яғни реттеуді қажет ететін басты мәселелер - алаяқтық пен авторлық құқықты бұзу. Сол себепті осы бағыттарға қатысты белгілі бір шектеулер енгізілді.

Өткен аптада мына бір видео әлеуметтік желіге тарап, жұртты елең еткізгені бар. Бір қарағанда шынайы видеодан ажырата алмайсың. Бірақ видео жасанды инттелектінің жемісі. Бірақ оған сыни ойлаумен саралаған адам аз сияқты. Видеоның астындағы комментке қарап оны көрдік. Жалған ақпараттармен күрес жүргізетін бізде ақпарат агенттіктері де артып келеді. Күрес күшейтілмесе, дипфейктің арты қоғамдық манипуляцияға айналуы мүмкін. Өйткені технология бір орындай тұрмайды.

Илья Рыбин, Nofake ақпарат агенттігінің өкілі:

- Белгілі тұлғалардың бейнесі жиі пайдаланылады. Мысалы, біз Бишімбаев ісіндегі прокурор, Айжан Аймағанованың атынан жасалған жалған жарнаманы осылай таптық. Скриншотты іздегенде бастапқы дереккөз бірден шықты. Олар прокурордың сұқбатын инвестицияның жалған жарнамасына пайдаланған.

Дипфейкпен күресіп жүргендердің айтуынша, жалған ақпаратты анықтаудың бірнеше қарапайым әдісі бар. Көпшіліктің соны білгені дұрыс. Ең алдымен дереккөзді тексеру қажет. Оны ресми сайттармен салыстыру керек. Екінші - егер видео не аудио болса, даусы мен интоцияға мән берген дұрыс. Дауыс тым бірқалыпты, паузасыз болса, демек бәрі фейк. Видеодағы адамның бет-әлпеті мен мимикасына назар аударыңыз. Себебі дипфейктерде адам түрі ұқсағанмен, ұсақ детальдары тым жасанды болып көрінеді. Мұндай дипфейктер әдетте танымал адамдардың бейнесімен не дауысымен жасалады. Мәселен, «Қазатомпромның» акциясын алуға нәсихаттаған Жәкіше пен Сейсенбаевтың ютубта жарнамасын көрген шығарсыз. Мұның бәрі фейк.

Дильназ Ерланова, Тілші:

- Бүгінгі ақпарат кеңістігі аласапыран. Сол себепті әр контентке сенім емес, сараптама қажет. Мысалы мынау мен, ал бұл да менің цифрлы келбетім. Сондықтан жалған ақпаратты бөлісу де жауапсыздық. Арты жазаға әкелуі мүмкін. Сондықтан сыни ойлаудың маңызы зор. Ақпаратты тек сенімді ақпарат көзінен алу қажет. Әйтпесе, өзіңізді ғана емес, өзгені, егер блогер болсаңыз, тіпті млн-даған аудиторияны алдайсыз. Ал бұл бәрінен де қауіпті.