Қазақстан барыстарды жер серігі арқылы бақылайды

Қазақстандық зоологтер қар барысының әр басқан қадамын бақылаудың инновациялық амалын тапты. Енді бұл жыртқышты жер серіктік телеметрия арқылы бақылауға болады. Осы уақытқа дейін фото қақпан ілбістерді іздеудің жалғыз жолы болған еді. Айта кетсек, соңғы 30 жылда қар барысының саны екі есе өскен. Бүгінде 180 аң еліміздің аумағында мекендейді. Оның ішінде 120-ы аса қорғалатын ұлттық парктер мен қорықтарда сақталған.

 

Алексей Грачев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің зоология институтының зертхана меңгерушісі:

– Қазірдің өзінде 10 барыс спутниктік ақпарат таратушы белгімен қамтылды. Біз олардың әр басқан қадамын бақылап отырмыз. Жер серіктік телеметрияның бір басымдығы – біз дәл сол сәтте болып жатқан жағдайды бақылай аламыз. Барыстың сол сәтте қай жерде жүргенін біліп қана қоймай, оның мінез-құлқының ерекшілігін де зерделеуге мүмкіндік аламыз. Осылайша, оны толыққанды қорғауға аламыз.

 

Арнайы мойынға тағылатын құрал, іздеу жүйесімен жабдықталған. Ол арқылы тау жыртқышының орналасқан жерін ғана емес, оның денсаулығын да бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Бұл технология барыстардың нақты санын есептеуге де өте ыңғайлы. Ғалымдардың пікірінше, ілбістердің саны жылдан-жылға өсіп келеді.

 

Данияр Тұрғамбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

 – Зоология институтында қар барысының генетикалық материалының криобанкі құрылды. Нақтырақ айтсақ, 11 еркек пен ұрғашы барыстар. Қазір, олардың біз білмеген жаңа жылжу бағыттары ашылып отыр. Ол жерде де барыстарды күзету жолын ұйымдастырмақпыз. Бүгінде қар барысының санының азаю қаупі төніп тұрған жоқ деп санаймыз.