Экоакция аясында ардагерлердің ауласы тазартылды

Шымкенттіктер «Таза Қазақстан» республикалық акциясының кезекті аптасын «Өнегелі ұрпақ» деген атаумен бастады. Немересін жетектеген қариялар тазалық шарасы аясында шаһардағы қарттар мен соғыс ардагерлерінің ауласын тазалады. Сондай-ақ «Достық ауласы» шарасы да ұйымдастырылып, өздері тұратын көшелерді абаттандырды.