Қазақстанда 18 763 Абай бар
Қазақстанда Абай есімді 18 763 адам тұрады. Олардың ең көбі Астана қаласында, одан кейін Түркістан облысы мен Алматыда өмір сүріп жатыр. Абайдың жасы ең үлкені 1932 жылы дүниеге келген. Көпшілігі 30-34 жас шамасында. Ал, биылғы жылдың жартыжылдығында 157 нәрестеге Абай есімі берілген. Бұл ат қыздарға да қойылған. Елде Абай есімді 10 әйел тіркелген. Ибраһим есімімен 35 404 адам бар. Ұлы ақынның атымен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан, 26 ауыл аталған.

