Республика күні – халықты біріктірген мереке
Республика күні еліміздің барлық өңірінде кеңінен тойланды. Әсіресе
Шымкенттегі шаралардың ауаны бөлек. Шаһардың басты алаңы адамға лық толды. Қала
тұрғындарын жергілікті өнерпаздар мен еліміздің эстрада жұлдыздары ән мен күйге
бөледі. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, көл-көсір дастархан жайылды.

