Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл

Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл

Ғалым, геолог Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын Павлодар облысы кең көлемде атап өтті. Негізгі мерекелік жиын академиктің туған жері Баянауылда ұйымдастырылды. Мойылды шатқалында үлкен этноауыл бой көтерген. Ал, қазақ ғылымын дамытуға зор үлес қосқан тұлғаны еске алуға республиканың түкпір-түкпірінен меймандар келген.

Аймақта осыған дейін Қаныш Сәтпаеқа арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті. Мұражай қорлары бірегей жәдігерлермен толықтырылып, академиктің жеке заттары қойылды. Ал, кітапханаларда ғалымның өмірі мен зерттеу жолына арналған жаңа басылымдар таныстырылды. Басты мереке тұлғаның кіндік қаны тамған Баянауылда ұйымдастырылды.