Астанада «Менің Қазақстаным» флешмобы өтті

Астанада «Менің Қазақстаным» флешмобы өтті

500-ден астам астаналық ардагер бүгін Конституция күніне орай ерекше флешмоб өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара бірнеше мақсатты көздейді. Алдымен ата-заңды ұлықтап, дәріптеу. Әрі өскелең ұрпақты отанының патриоты болуға үндеу.

 

Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан «Менің Қазақстаным» флешмобы әнұранды орындаудан басталды. Жиналған қауымның дені қарттар болса да, бәрі флешмобқа бір кісідей қатысты.