Иманбек Зейкенов Billboard марапатын жеңіп алды

Қазақстандық ди-джей және музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов «Billboard Music Awards» марапатына ие болды. Аталған музыкалық бәйгеде жерлесіміз әйгілі «Roses» композициясымен  жүлдегер атанды. Қуанышты хабармен музыкант өз «Instagram» парақшасында бөлісті. ««Billboard Music» сыйлығын алдым, бұл дәл «Grammy» сыйлығы секілді», - деп жазды ол.  

Айта кетейік, «Billboard Music Awards» сыйлығы 1990 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл сыйлықтың «Grammy» немесе осы секілді дәрежелі сыйлықтардан айырмашылығы,  «Billboard Music Award» өз номинанттарын альбомдары мен синглдерінің сатылуы бойынша, сондай-ақ гастрольдік және әлеуметтік белсенділігі негізінде анықтайды.

Авторы: Ақзер Сегізбай