Алматы облысында думанды жаз басталды
Алматы облысында думанды мәдени іс-шаралар маусымы басталды. Қонаев қаласында дәстүрлі «Аспан Fest» фестивалі аясында алғашқы концерт өтті. Оған 20 мыңнан астам көрермен жиналды.
Қонаев қаласы жаңа
мәртебе алғалы өңірдің мәдени тынысы ашыла түсті. Алматы облысының әкімдігі мен
«АСПАН FM» радиостансасы ұйымдастырған фестиваль аймақты әнге бөлеп қана
қоймай, оның туристік әлеуетін көтеруді көздейді. Сонымен қатар, жоба аясында
қоғамдық маңызы бар акцияларға да ерекше екпін қойылған.

