Нұр-Сұлтанда балалар шығармашылығы туындыларының көрмесі ашылды
Елордада «Туған жерім» атты XV халықаралық бейнелеу өнері байқауына қатысушы балалар туындыларының көрмесі ашылды. 2004 жылы қалалық деңгейде өткен шара бүгінде халықаралық деңгейге өскен. Биылғы шараға 400-ден астам жас дарынның жұмысы қазылар назарына ұсынылып, оның 31-і іріктеп алынды. Байқауда Әзербайжан, Беларусь, Башқұртстан, Молдова, Татарстан, Өзбекстан, Украина, Ресей және Қазақстан елдерінің өкілдері бақ сынады. Іс-шара Елбасы кітапханасы, елордадағы заманауи өнер орталығының, Нұр–Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубының қолдауымен ұйымдастырылды.
КҮЛӘЙША АҚТАЕВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Қазан айында марапаттау рәсімін онлайн форматта өткізген болатынбыз. Енді қазіргі кезде бұл шараға 15 жыл болды сондай салтанатты іс-шара, енді пандемияға қарамастан, ұйымдастырушылар болып бірлесіп, үлкен каталог баспаға дайындауға ниеттеніп отырмыз. Өйткені қазіргі кезде ең маңыздысы – 15 жыл толған халықаралық деңгейдегі конкурстың әрбір ерекше атап өтетін кезеңдерін көрсеткен жөн болады деп ойлаймыз.