«Құрақ пен шашақ үндестігі – 2026»: қолөнершілер фестивалі
«Ұлттық мұра: Құрақ пен шашақ үндестігі - 2026» - Маңғыстауда осындай атаумен екі күнге жалғасқан фестиваль өз мәресіне жетті. Ауқымды іс-шараның алғашқы күнінде шеберлік сағаты мен көрме-жәрмеңке, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Фестиваль аясында қолөнершілер бірлестігін құру туралы шешім қабылданды. Қолөнершілердің үздік туындылары облыстық тарихи-өлкентану музейінің қорына табысталды.

