Ғибратты ғұмыр кешкен ардагер

Ғибратты ғұмыр кешкен ардагер

Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 8 ардагер қалды. Солардың бірі Қазығұрттың тірі аңызына айналған Анарбай Мырзахметов. 99 жастағы абыз ақсақал әлі де тың. Күнде ала таңнан кешке дейін тынымсыз қимылдап, бау-бақшаға күтім жасайды, газет-журналды өзі оқиды.