Есіл қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өтті
Есіл қаласында еркін күрестен өткен халықаралық турнир мәресіне жетті. Төлеген Ысқақов пен Мәди Ысқақовты еске алуға арналған сайыс - биыл жиырмасыншы рет ұйымдастырылған. Оған 4 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Жас палуандар 22 салмақ дәрежесі бойынша үздіктерді анықтады. Кейбір қатысушылар спорт шеберлігіне үміткер атанды.
2004 жылдан бері маусымның соңғы жексенбісі Есіл тұрғындары үшін ерекше күн. Себебі, қалаға келетін қонақтар көбейеді. Биылдың өзінде шекара асып келген палуандар мен бапкерлер саны 500-ден асады. Бір қызығы бұл додаға мемлекеттен бір тиын да бөлінбейді. Бәрі демеушілер есебінен. Жалпы, Есіл жұрты еркін күреске ертеден әуес. Сондықтан да болар, аядай шаһардан 4 бірдей Қазақстан чемпионы шыққан.