Лувр мұражайы қайта жұмысын бастады
Ірі ұрлықтан
кейін Париждегі Лувр мұражайы қайта жұртшылыққа есігін ашты. Сондай-ақ, қолды
болған экспонаттардың шығыны да белгілі болды. Францияның бас прокуроры Лор
Беко арнайы брифинг өткізіп, ұрланған әшекейлердің жалпы құны 102 млн доллар
екенін айтқан. Ол сөзінде: «Бәлкім, бұл айтарлықтай көп ақша емес шығар, бірақ
бұл – тарихқа жасалған үлкен қиянат», – деген. 19 қазанда Лувр мұражайының
Аполлон галереясына тапа-тал түсте ұрылар түсіп, Наполеон мен оның сүйіктісі
Жозефинаға тиесілі 8 құнды әшекей ұрлады. 4 қылмыскер жүк лифті арқылы кіріп,
жабық тұрған галереяға өтіп, терезеден қашып кеткен. Осының бәріне небәрі 7
минут жеткілікті болды. «Ғасыр ұрлығы» шетелдіктер мұражай қызметкері көмегімен
жасағалған деп болжайды. Іздеу шарасы жалғасуда.

