«Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
«Аңдар Шаһары 2» анимациялық фильмі енді қазақ тілінде көрсетіледі. Бұл биыл Disney-дің төл тілімізде дыбысталған төртінші туындысы. Бұған «Қазақ тілі» қоғамы ұйытқы болып отыр. Соның арқасында былтырдан бастап халықаралық студиялар әлемдік премьераларын ана тілімізде ұсына бастады. Өткен жылы «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса» туындылары тәржімаланған. Биыл бұл тізімге «Ақшақар», «Лило мен Стич», «Элио» мультфильмі қосылды.
Рауан Кенжеханұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
- Осы үлкен студиялар өз қаражатына аударып, Қазақстандағы ең мықты деген, осыған маманданған студилар араласып, елімізге танымал дикторлар, артістер қатысып, балаларға тартымды, әдемі фильмдер шығып жатыр. Балаларға таныс кейіпкерлер қазақ тілінде ән салып, қазақша әңгімелесіп, әзіл айтып, балалардың тілін қазақша шығаруға, қазақша сөйлетуге көп септігі тиетін жақсы бастама деп ойлаймыз.

