Скриптонит – Genius үздіктері қатарына енген жалғыз ТМД орындаушысы

Скриптонит Genius чартының үздік 100 артистері қатарына енген ТМД елдерінің жалғыз өкілі. Әнші бұл лектің 92-сатысынан орын тепті. Осылайша 31 жастағы қазақстандық рэп орындаушы Бруно Марс, Шон Мендес, Maroon 5 пен Radiohead сынды танымал сахна саңлақтарынан озып шықты.

Айта кетейік, Genius – қолданушыларға әндердің мәтінін түсіндіріп, мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін америкалық тұғырнама.