Республика күніне орай екі нысан ашылды

Республика күніне орай екі нысан ашылды

Маңғыстау облысында Республика күніне орай екі нысан ашылды. Олар Мемлекет басшысының өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында жұмыс істей бастады. Жаңа өндіріс орны өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту мен импортты алмастыру саясатын ілгерілетудің маңызды кезеңін айқындайды. Іске қосылған әлеуметтік тағы бір нысан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған он бірінші мектеп.