Қазақстандық жас өнерпаздар бас жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жас өнерпаздар бас жүлде жеңіп алды

Жас қазақстандық таланттар Мәскеуде Гран-при жеңіп алды. «Каспий құбыр консорциумы талантты балаларға» атты халықаралық фестивал шын таланттарды тауып, оларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бағдарлама аясында балалар екі елдің танымал мәдениет сарапшыларының шығармашылық шеберлік сабақтарынан өтті, Мәскеудің басты көрікті жерлерін аралады. 

Фестивальге елімізден Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Орал, ал Ресейдің Астрахань, Элиста, Краснодар, Новороссийск қалаларынан балалар қатысуға ниет білдірген. Биыл байқауға елімізден 2000-нан астам талантты бала, ал Ресейді қосқанда жалпы 20 мыңнан астам өнерпаз бақ сынады. 

Қайыргелді Қабылдин, «КҚК-Қ» АҚ бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары: 

- Балалардың өнерін, қазақтың дәстүрін көрсету үшін қызмет жасап, сондай мүмкіншілік беріп жатырмыз. Бүгінгі мына конкурста, Москвада 30-дан астам Қазақстанның лауреаттары келіп, қатынасып жатыр. Оның ішінде жеңімпаздар бар, осы халықаралық конкурстың. 

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын қолдауға ерекше көңіл бөледі. «Jas Tolqyn» байқауының мақсаты - алыс елді мекендердегі талантты балаларды тауып, оларға қолдау көрсету, жалындаған жүрекке от беру. Бұл халықаралық бәсекеге шалғай ауылдардан да өнерпаздар қатысып, жүлдеге ие болды. 

Ақансері Исабай, Байқауға қатысушы: 

- Бұл «Jas Tolqyn» байқауын мен апайымнан естідім, және соған кемінде төрт ай дайындалып, орындадым. Біз «Жас қыран» ән термешілер ансамблінде ән саламыз. «Jas Tolqyn» арқылы болашағыма кілт таптым, жаңа достар таптым, сонымен қатар, жаңа мүмкіндіктер таптым. 

Байқаудың жеңімпаздары Мәскеу төрінде Қазақстан павильонында өнер көрсетіп, көпшілікті тәнтті енді. Сондай-ақ қатысушылар мен олардың ұстаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы Каспий құбыр консорциумы 10 жылдан астам уақыт бойы «КҚК-дарынды балаларға» атты жас таланттар байқауының халықаралық бағдарламасын қаржыландырып келеді. Шарапаты мол шара келесі жылы да жалғасын табады