Ақмола облысында мамонт сүйегі табылды
Ақмола облысында мұз дәуірінен сақталған мамонттың
сүйектері табылды. Ерекше олжа Новобратское ауылы маңынан анықталған.
Жергілікті балықшылар алып жануардың қалдықтарын өзен бойынан кездейсоқ байқап
қалған. Ғалымдар табылған сүйектер шамамен 40-50 жастағы ересек мамонтқа
тиесілі,-дейді. Қазір жәдігер Ұлттық музейдің зертханасында сақтаулы тұр.

