«Шаттық-2026»: жас таланттардың гала-концерті өтті
Еліміздегі ең талантты балалардың басы бір сахнада тоғысты. Елордада балалар мен жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі «Шаттық-2026» шығармашылық байқауының гала-концерті өтті. Ауқымды өнер додасын Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Биылғы байқаудың басты ерекшелігі осы. «Шаттық» атты виртуалды жүргізуші. AI-кейіпкер алғаш рет сахнаға шығып, өнер мен технологияның үйлесімін көрсетті. «Қазақконцерт» залында өткен өнер жарысына елорданың ең дарынды өрендері қатысты.
Гүлмира Жангелдіқызы, Е.Серкебаев атындағы 3 балалар музыка мектебінің директоры:
- Дәстүрлі түрде өтетін жылда Шаттық байқауы 19-шы рет өткізілді. Және де биыл 9 мыңға жуық оқушы қатысты. Бұл байқауға қатысатын, жалпы білім беретін мектептерде оқитын балалар. Және 8 бағыт бойынша өз бақтарын сынап көрді. Әртүрлі өнер бағыттары бойынша. Музыка, хореаграфия, көркемөнер, және техника жағынан.
Гала-концерт бағдарламасы бес тақырыптан тұрады. Ұлттық мұрадан бастап цифрлық дәуірге дейінгі кезең вокалдық және театрлық қойылымдар арқылы көркем өрнектелді. Әсіресе, технология мен адамзат үндестігін бейнелеген «Digital-дәуір» көрерменнің көңілінен шықты.
Әділхан Айару, №66 мектеп-лицейінің оқушысы:
- Бұл шаттық конкурсына билеуге және 1-ші орын алуға келдік. Бұл шаттыққа менің құрбыларым шақырды осы жаққа билейік деп. Біз ЖИ тематикасында билейміз. Және бұл роботтар секілді билейміз. 2 ай дайындалдық. Бидің бәрін өзіміз құрастырдық.
Биылғы байқауда
900-ден астам өнерпаз жүлдегер атанды. 2 сәуірде басталған шығармашылық жарыс
гала- концертпен түйінделді. Бұл — жас таланттардың болашаққа жасаған нық
қадамы.

