Елордада жапон өнерінің көрмесі ашылды

Елордада «Рухани шыңына жету жолында: Жапония өнері» атты көрме ашылды. Ұлттық музей төрінен орын тепкен 50 шақты экспонат Жапон мәдениетінің түрлі кезеңдерін қамтиды. Әрбірінің тереңнен тамыр тартқан өз тарихы бар. Мәселен, көрермен дастархан жаю рәсімімен таныса алады. Бұл елдің халқы қонақ күтіп, үстелді ыдыспен жабдықтауға үлкен мән беретіні белгілі. Мұнда қыш құмыралар мен ыдыс аяқ, күйдірілген қола және өрілген бамбуктен жасалған сәндік - қөлданбалы бұйымдардың түр-түрі кезігеді. Айта кетейік, танымдық шара Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналып отыр.

Лейла Сәрсенбаева, әсем бұйымдар глереясының директоры:

- Мұнда қойылған заттар сол бұйым жайында ақпарат беруден бұрын, олардың жасалу техникасымен қызықты. Бұл негізінен жапон өнерінің бұйымдарына тән қасиет. Осы бірегей мәнерде жасалған туындылардың астарында терең ой жатыр. Ерекше көркем техника мен ұлттық «дзен» философиясы үндестігінен туған шексіз сұлулықты тану үшін оларды ұзақ уақыт бойы тамашалау керек.