Silk Way Star Қытай телеарнасынан көрсетілді

Silk Way Star Қытай телеарнасынан көрсетілді

Қазақстандық Silk Way Star тележобасы алғаш рет Қытайдың ең ірі медиаплатформасынан көрсетілді. Халықаралық вокалдық байқаудың гранд-финалы Қытайдың Орталық телеарнасына қарасты ,1 млрд аудиториясы бар CCTV-15 арнасынан эфирге шықты. Қытайлық көрермен жобада 12 өнерпаз арасынан үздік шығып, шешуші кезеңге жолдама алған 7 өнерпаздың өнеріне куә болды.

 

Silk Way Star - Азия кеңістігіндегі бұндай форматтағы алғашқы халықаралық вокалдық байқау. Онда Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан келген өнерпаздар бақ сынады. Жоба жанды дауыстағы орындауларымен, жоғары деңгейдегі продакшнымен және заманауи сахналық қойылымдарымен ерекшеленді. Финал тікелей эфирде өтіп, Әзербайжан, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолия сынды бірқатар елдерде көрсетілді. Байқаудың алғашқы маусымының жеңімпазы Моңғолиядан келген Мишель Джозеф атанды. Ал жобаның келесі маусымы Қытайда өтеді. Музыкалық дода Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group қытайлық медиа корпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды.