ТЖМ қызметкерлері тасқа қашалған мүсін тапты
Құнды, ерекше жәдігерді Ақмолалық төтенше жағдайлар бөлімінің
қызметкерлері тауып алды. Тарихи олжа – тасқа қашалған адамның беті. Қазір
археологтар екі болжам айтып отыр. Бір топ «бұл қола дәуірінен қалған мүсін»
десе, ал, енді бірі түркі кезеңіне жатқызады. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен
келген ғалымдар тастағы адам бейнесін зерттеп жатыр. Ресейлік мамандардың
сөзінше,
артефакт,
Сібірде табылған тарихи мүсіндерге ұқсас.

