Жаяу Мұсаның бұрын беймәлім болған дастаны табылды

Жаяу Мұсаның бұрын беймәлім болған дастаны табылды

Жаяу Мұсаның бұрын беймәлім болып келген мұрасы табылды. Ертіс-Баян өңірінде тарихи тұлғаның 190 жылдық мерейтойы өтіп, үлкен ас берілген болатын. Сонда мұрағаттың табылғаны ресми айтылды. Ол - 2006 жылы Омбы тарихи-өлкетану музейінің қорынан табылған қолжазба. Жаяу Мұса өзі жазған. Онда Олжабай батырдың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі жырланыпты. Зерттеушілердің пайымынша, бұл туынды композитордың жыршылық қырын да ашады. Яғни, Жаяу Мұса өз дәуірінің оқиғаларын хаттап, келер ұрпаққа дастанды аманат ретінде қалдырған. Мерейтой аясында көшпелі көрме ұйымдастырылып, сахналық қойылымдар да қойылды.