Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды

Жауынгер жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 115 жыл. Осыған орай Таразда республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Басқосуда батырдың өмірі мен шығармашылығы айтылып, тарихи мұралары мен еңбектері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, жылы естеліктер мен ой-толғамдар айтылды. 

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран. Бауыржан Момышұлы көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған адам. Бүгінде аймақта ұлы тұлғаның есімімен аталатын 1 елдімекен,45 көше, 2 мектеп және Тараз қаласында 1 саябақ пен 1 музей бар.  

Нұржан КалендеровЖамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары: 

- Батырдың әділдігі, талапшылдығы, ұлт руханиатына деген жанашырлығын замандастары ерекше еске алады. Оның есімінің облыста елді мекендер көшелер мен мектептердің берілуі халық ықыласының айқын көрінісі. 

Қазақ халқында батыр да, қаламгер де көп, бірақ Бауыржан Момышұлының бірегей тұлғасы батырлығымен, қолбасшылық талантымен ғана емес, соғыс тақырыбына жазылған қазақ әдебиетінің негізін қалауымен де даралана түседі.  

Орынша ҚарабалинаБ.Момышұлының келіні: 

- Мен алғаш кезде жұмыс істемей тұрғанда Бәукеңнін үйіне келетінмін. Ол кісіге сәлем берушілер көп еді. Есікті ашып, шығарып салатын, кім келгенін айтатын мен едім. Бірде үйге Мәлік Ғабдуллин келді. Бәукең Мәлікті жақсы көретін. 

Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының ерлік даңқы таусылмайтын шежіре. Бүгінгі конференцияда да елінің оны ардақтап, зиялы қауымның көп естеліктер айтуы соның айғағы.